Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Есіл өзені, Ақбұлақ және Сарыбұлақ су айдындарын санитарлық тазарту жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақбұлақ бұлағында «Толқын» спорт кешенінен бастап Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі, Сарыбұлақ бұлағында теміржол ауданынан бастап Есіл өзеніне құятын жеріне дейінгі, Есіл өзенінде Қабанбай батыр даңғылынан «Жасыл Аралға» дейінгі учаскелерде 9 мың шаршы метрге жуық алаңдағы су айдынына санитариялық тазарту жүргізілді.
Есіл өзенінің жағалауы мен оның Ақбұлақ және Сарыбұлақ салалары қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. 30 тоннаға жуық қоқыс жиналып, астаналық полигонға шығарылды.
Бұл жұмыс күн сайын жүргізіледі.