23 маусым күні сағат 10:00 шамасында Катонқарағай ауданының құтқарушыларына Мұзтауда төрт альпинист қар көшкінінің астында қалды деген ақпарат түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Апат салдарынан екі адам қайтыс болды. Біреуі 1992 жылы туған. Екіншісі 1988 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы. Сондай-ақ, 1990 жылы туған азамат зардап шеккен.
Тау шатқалына ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы жіберілді. Оқиға орнына келген тікұшақ ауада 1 метр биіктікте қалықтап тұрып, құтқарушылар тікұшақтан түсіп қаза болғандарды бортқа шығарған. Ал жарақат алған ер адамға апаттық медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Шығыс Қазақстан облысы