Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы мен Павлодардың «Ақсу» клубының жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен осыдан біраз уақыт бұрын допинг қолданды деп айыпталып, футболдан уақытша шеттетілген еді.
Күні кеше бірнеше қазақстандық БАҚ өкілдері Әбікеннің «В» допинг сынамасы да оң нәтиже көрсеткенін хабарлап, ФИФА оның футболдан үш жылға шеттетілгенін мәлімдеді. Қазақстандық футболшы допинг-тесттен наурыз айында Ұлттар лигасындағы Молдовамен болатын плей-офф матчы қарсаңында өткенімен, оның қанынан тыйым салынған мельдоний препараты табылғаны мамыр айында белгілі болды.
Айта кетейік, Әбікен допингпен ұсталған үшінші қазақстандық футболшы. 2020 жылы Бауыржан Исламхан, 2021 жылы «Тобылдың» қорғаушысы Руслан Валиуллин допингпен ұсталып, екеуі де футболдан екі жылға шеттетілген болатын. Исламханның жаза мерзімі биыл қарашада аяқталады.