Қазгидромет 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Солтүстік-батыс циклонының терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бұлттылық алқаптары, өзімен бірге қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақты ала келеді. Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді.
Солайша бұлттардың саны азайып, жаңбыр тоқтайды. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасы + 25+35°С градус, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, ал оңтүстікте +40+45 градус ыстық болжанады.