• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Маусым, 2022

Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды

332 рет
көрсетілді

Флорида штатындағы Буфорд-Спрингс үңгірінде екі сүңгуір қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір топ жеткіншек сүңгуірлердің ауа цистерналарымен су астында сүңгігенін байқаған. Кейін олардың бірі су бетіне қалқып шығып, қимылсыз, беті төмен қараған. Жастар алғашында сүңгуір серігін су астынан іздеп жүр деп ойлаған, кейін оған жүзіп барып, оның қайтыс болғанын көрді.

Құтқарушылар екінші сүңгуірдің денесін шамамен 40 метр тереңдіктен тапты. Қайтыс болғандар 52 жастағы Тодд Ричард Маккенна және 63 жастағы Стивен Родерик Гамбрелл екені анықталды.

Полицияның мәліметінше, сүңгуірлердің тиісті құрал-жабдықтарында ақау болған.

Буфорд бұлағы Чассаховицка ұлттық жабайы табиғатындағы су асты үңгірлері желісінің бір бөлігі. Үңгірдің тереңдігі 51 метр. Бұл тәжірибелі сүңгуір үшін де өте қауіпті.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар