• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 25 Маусым, 2022

Елордада BMW X7 көлігі жарық бағанына соғылып, аударылып қалды

264 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда түнде BMW X7 көшені жарықтандыру бағаны мен жол белгісіне соғылып, содан ұшып барып төңкеріліп қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарауынан кейін үйіне жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«BMW X7 көлігінің жүргізушісі ЕК-32 көшесімен келе жатып, Достық көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, көшені жарықтандыру бағаны мен «Тоқта» жол белгісі тірегіне соғылып, салдарынан көлік аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарауынан кейін үйіне босатылды», делінген Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомстводағылар BMW X7 жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалғанын атап өтті. Материал түпкілікті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау, белгіленген шектегі жылдамдықты асырмау және қашықтықты сақтау керектігін ескертеді.

Аяна Тоғанбек