• RUB:
    5.05
  • USD:
    491.71
  • EUR:
    529.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Маусым, 2022

Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды

282 рет
көрсетілді

Бурабай ауданындағы Үлкен Шабақты көлінде үш қыз жағалаудан алыс жүзіп, суға батып кете жаздады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын жерде болған адамдар қыздарды құтқарып қалу үшін суға секірген.   «Құтқарушылар оқиға орнына жеткеннен кейін екі қыздың тез арада құтқарылғаны туралы белгілі болды. 2008 жылы туған үшінші қыз бірнеше минут суға тұншығып қалған. Жасөспірімді жағаға алып шыққан кезде ол ес-түссіз жатқан», деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.   Көл жағасында демалып жатқандардың бірі зардап шеккен қызға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны бүйірмен жатқызған. Қыздың тамыр соғысы әлсіз болған. Құтқарушылар оған медициналық көмек көрсетуді жалғастырып, зембілмен жедел жәрдем көлігіне жеткізді.   Зардап шеккен қыз «өкпе ісінуі» диагнозымен жансақтау бөлімінде жатыр.   Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті суға шомылу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салды.   Аяна Тоғанбек