Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Алмаз Серікболұлы Ыдырысов ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Алмаз Ыдырысов 1983 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2003 жылы жол жұмысшысы болып бастады.
2005-2006 жылдары — «Қазақавтожол» ЖШС техникалық-өндірістік бөлімінің жетекші маманы.
2006-2014 жылдары — ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің құрылымында қызмет етті.
2014-2016 жылдары — «Қазавтожол» АҚ Солтүстік Қазақстан филиалы директорының орынбасары.
2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарда болды.
2019-2022 жылдары — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары.
2022 жылдың сәуірінен бастап ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы – ҚР бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.