• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Маусым, 2022

БҚО-да жол апатынан екі сәби зардап шекті

280 рет
көрсетілді

Атырау-Орал тас жолында жол апаты болып, екі сәби зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 26 маусым күні шамамен 22.00-ден кейін Ақжайық ауданы аумағында, Атырау-Орал жолының 351-шақырымында болған. «Черри» автокөлігінің 1979 жылғы жүргізуші «ЗИЛ» автокөлігін айналып өтемін деп аударылып кеткен. Автокөлікте 6 жолаушы болған. 19 жастағы әйел жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Сондай-ақ омыртқасы, қабырғалары сынған. Басы мен иық тұсы көгерген екі айлық сәби облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Бір жасар баланың да самай тұсы көгерген. Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші ішімдік ішпеген.

Тағы бір оқиға Орал қаласында М.Шолохов пен Ғ.Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болған. «Тойота» шағын автобусы тоқтап тұрған скутер мен «ВАЗ-2110» автокөлігімен түйіскен. Салдарынан 5 адам ауруханаға жеткізіліп, скутерде отырған 17 жасар жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Скутердің жүргізушісі көптеген дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Жеңіл көлікте болған үш жолаушы дәрігерлер қарағаннан кейін үйіне жіберілген. 

Алдын ала болжам бойынша жүргізуші ұялы телефонға алаңдаған. Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Аяна Тоғанбек