27 маусым күні сағат 14:22-де сейсмикалық стансалар желісі Алматы маңында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 377 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11.4. Mагнитудасы -5,3. Тереңдігі - 30 км.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.