• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 27 Маусым, 2022

QazVac-тың III клиникалық сынақ нәтижесі жарияланды

257 рет
көрсетілді

Әлемдік The Lancet журналында қазақстандық ғалымдар әзірлеген QazVac вакцинасына жасалған клиникалық сынақтардың нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының директоры Күнсұлу Закарьяның жетекшілігімен COVID-19-ға қарсы QazVac вакцинасы әзірленген еді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сәйкес вакцина бойынша III фазалық клиникалық сынақтар өткізілді. Сынақ нәтижелері вакцинаның адам үшін тиімділігі мен қауіпсіздігі, сондай-ақ жоғары иммунитетті қалыптастыра алатын мүмкіндікті көрсетті.

Айта кетсек, The Lancet журналы - медициналық және денсаулық сақтау саласындағы түпнұсқа зерттеулерді және COVID-19 вакцинасын әзірлеу мен зерттеудегі соңғы жетістіктерді жариялайтын әлемдік басылым.