• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 28 Маусым, 2022

Еркеш Мәукен Жоғарғы соттың судьясы болып сайланды

200 рет
көрсетілді

Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьясы болып Еркеш Мәукен сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекет басшысы Жоғарғы сот судьясы қызметіне Еркеш Мәукенді сайлау туралы ұсынымды енгізді. Ол Қарағанды облыстық сотының судьясы қызметін атқарып келді. Оның судьялық еңбек өтілі 22 жылдан асты», деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.

Осы орайда ол аталған судья өз саласының білікті маманы екенін, қылмыстық істерді қарауда мол тәжірибесі бар екенін атап өтті.

Айта кетейік, Жоғарғы соттың судьясы қызметіне сайланғаннан кейін, ол Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.

Аяна Тоғанбек