Қазгидромет синоптиктері шілде айының басында бірнеше өңірде құрғақшылық болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қызылорда облысының Жалағаш, Арал, Шиелі, Қазалы және Қармақшы аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Атырау облысында Махамбет, Жылыой, Құрманғазы және Балықшы аудандарында 2022 жылғы шілде айының бірінші онкүндігінде атмосфералық құрғақшылық күтілуде», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.