Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39 КО) жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Боксшылар Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатына қатысты.
- «Канело» сияқты қарсыласың болғаны жақсы. Бұл біз үшін және бокс әлемі үшін ерекше айқас. Мен өз сөздерімнен бас тартпаймын. 17 қыркүйекте осы мәселені шешіп, барлық сұрақтардың нүктесін қоямыз. Айтылған-айтылмағанның бәрін жасаймыз.
Әр боксшы жеңіске тырысады. Ал мұндай қарсыласпен тіптен барын салады. Шешілмеген мәселелеріміз бар, - деді Геннадий.