• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Маусым, 2022

Үндістанда төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды

187 рет
көрсетілді

Үндістанның Мумбай қаласында төрт қабатты үй құлап, 19 адам мерт болды, тағы бірнеше тұрғын үйінді астында қалып қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазір оларды іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр. Құтқару операциясына түні бойы жауған қатты нөсер кедергі болған. Ауруханаға жарақат алған 10-нан астам адам жеткізілді.

Жалпы Мумбайда жауын-шашын кезінде ғимараттардың опырылып түсуі жиі кездеседі. Мамандар құрылыстардың сапасыз салынғанын айтып отыр.

Аяна Тоғанбек