Оқиға 29 Маусым, 2022

Шымкентте трансформатор өртенді

187 рет
көрсетілді

Еңбекші ауданы, Уалиханов көшесінде орналасқан жалпы көлемі 50 шаршы метрді құрайтын РП-11 трансформаторы толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 12 қызметкері мен 3 дана техникасы жұмылдырылды.

«Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрттің салдарынан 413 тұтынушы электр қуатынан ажыратылды», делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.