• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Маусым, 2022

Полиция банкке шабуыл жасаған 2 адамды атып тастады

260 рет
көрсетілді

Канаданың Британиялық Колумбия штатында банкке шабуыл жасаған 2 адамды полиция атып өлтірді. Атыс кезінде оқ тиіп, жарақат алған 6 сақшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Билік күдіктілердің көлігінде жарылғыш зат бар деген ақпарат болғанын, соған байланысты жақын маңдағы үйлердің тұрғындары мен мекеме қызметкерлерін қауіпсіз жерге көшіргенін мәлімдеді.

Төтенше оқиға болған Саанич қаласы АҚШ-пен шекара бойында орналасқан. Полиция толық ақпаратты кейін тарататынын хабарлады.

Аяна Тоғанбек