• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Маусым, 2022

Өскеменде бухгалтер 4,3 млн теңге жымқырған

383 рет
көрсетілді

ЖШС филиалының басшысы өзінің бұрынғы бухгалтері ақша жымқырғанын айтып, полицияға жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бухгалтердің заңсыз әрекеті нәтижесінде 4,3 млн теңгеден астам залал келтірілген. Криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстады. Алайда, жауап алу кезінде әйел өз кінәсін мойындаған жоқ.

Факті бойынша ҚР ҚК 189 - бабы 2-бөлігі «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұсталған азаматшаға қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.