• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Президент 29 Маусым, 2022

Заңсыз балық аулағандарға жаза күшейтіледі

226 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтіп жатқан Каспий саммитінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Каспий теңізіндегі биологиялық ресурстарды заңсыз аулауға қарсы күрестің маңыздылығын айтқым келеді.

Өкінішке қарай, биоресурстарды заңсыз өндіру, балық өнімдерін тасымалдау, бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз сатып алу немесе сату фактілері әлі де бар.

Мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу және оларға қарсы тұру үшін біздің мамандар тиісті Хаттаманың жобасын әзірлеуде», деді Президент.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар