• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Маусым, 2022

Каспий саммитінің келесі жиыны Иранда өтеді

236 рет
көрсетілді

Жетінші Каспий саммиті келісілген мерзімде Иран Ислам Республикасында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түрікменстанда бүгін өткен алтыншы Каспий саммиті өтті, оның коммюникесі жарияланды. Жиында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Каспий маңы азық-түлік хабын құруды ұсынды. Сондай-ақ экологиялық проблемаларды Жайық өзені мен итбалықтардың қырылуы мәселесін де сөз етті.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Транскаспий халықаралық көлік бағытының рөлі айтарлықтай артқанын айтты.

Еске салсақ, Қазақстан Президенті Каспий маңы мемлекеттері басшыларының алтыншы саммитіне қатысу үшін Ашхабад қаласына жұмыс сапарымен келді.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен және Түрікменстанның бұрынғы Президенті, Халық Мәслихаты Ұлттық кеңесінің төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті.

Аяна Тоғанбек

Соңғы жаңалықтар