• RUB:
    4.97
  • USD:
    493.85
  • EUR:
    519.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 30 Маусым, 2022

Атырауда дизель отынын заңсыз сатқан ЖШС басшысы сотталды

214 рет
көрсетілді

«Азия ТЭГ» және «Евро-Азия ТЕМП» ЖШС-нің директорына қатысты іс тергеуі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Серіктестік басшысы 2021 жылы мұнай өнімдерін иемдену, тасымалдау және өткізу мақсатында Жылыой ауданының аумағынан шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз 3 мың тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 796,5 млн теңгеге өткізіп, заңсыз пайда түсірген.

Сонымен қатар аталған тұлға «Евро-Азия ТЕМП» ЖШС-нің директоры бола тұра, 2021 жылы Жылыой ауданының аумағынан құжаттарсыз 3 мыңға жуық тонна дизель отынын сатып алып, оны Маңғыстау облысына тасымалдап, барлығы 990 млн теңгеге өткізіп, заңсыз пайда түсірген.

Сот үкімімен аталған серіктестік басшысы кінәлі деп танылып, үш жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Заңы негізінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы үштен бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

ҚК-нің 63-бабының талаптарына сай, тағайындалған жаза шартты деп есептелініп, 2 жылға пробациялық бақылау белгіленген.

Соңғы жаңалықтар