Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр. Онда жетінші сайланған Парламенттің екінші сессиясының жұмысын аяқтау қаралып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атап айтқанда, сессия ресми түрде жабылып, депутаттар қыркүйек айына дейінгі каникулға кетеді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 23 маусымда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.