• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Маусым, 2022

Ақтауға туристерге арналған чартерлік рейс қатынай бастады

454 рет
көрсетілді

Ақтауға чартерлік рейс арқылы  алғашқы 100 турист жеткізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақтау қаласындағы халықаралық әуежай арқылы аптасына 27 бағытта 152 рейс қатынайды. Соның ішінде 19 бағытта 62 рейс алыс және жақын шетелге ұшады. Сонымен қатар туристік мүмкіндікті пайдаланып, жақын арада Башқұртстаннан чартерлік рейс келді. Алғашқы 100 адам қатынады. Бұған дейін туристер қалыпты рейстермен келетін. Ал мынау арнайы туристік бағыттағы чартерлік рейс болды», деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол Каспий теңізінің әлеуетін пайдалану жөніндегі жоспарларын ортаға салды.

«Халықаралық деңгейге шығып, Каспий теңізін пайдалану жөніндегі жоспарларымыз әзірге идея ретінде ғана қаралып жатыр. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан жоқ. Біз Каспий теңізінің жағалауын пайдалану жөнінде жобаларды ойластырып жатырмыз. Келген туристерге, маңғыстаулықтарға көрші облыстардан келген туристерге, жалпы қазақстандықтарға жағдай жасау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ақтаудың жанында Жылыжағажай деген орнымыз бар. Сонда қолжетімді демалыс болатындай жағдай ұйымдастырып жатырмыз. Каспий теңізінде балық шаруашылығын дамытуға көңіл бөліп жатырмыз. Биылдан бастап облыс әкімдігінің жанына 4 жаңа басқарма кірді. Соның біреуі – балық басқармасы», деді Нұрлан Ноғаев.