• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 30 Маусым, 2022

Қазақстанда қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды

174 рет
көрсетілді

Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтардағы тәртіпсіздіктерге қатысты жаңа мәліметтерді айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жалпы қаңтар оқиғасына байланысты сотқа 392 қылмыстық іс жолданып, олар бойынша 445 тұлға сотталған. Мемлекеттік қызметшілерге зорлық-зомбылық көрсету, мүлікті жоюмен байланысты ауыр қылмыстар жасаған, келтірілген зиянды өтемеген және өтелмеген соттылығы бар 46 сотталушыға бас бостандығынан айырудың нақты мерзімдері тағайындалды», деп мәлімдеді Елдос Қилымжанов.

Қазір 514 күдікті қамауда отыр. Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары бұл адамдардың қаскүнемдіктерге, ғимараттарды өртеуге, атыс қаруын ұрлауға, мемлекеттік нысандар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарулы шабуылдарға белсене қатысқанын нақтылады.

Жеке басын, денсаулық жағдайын және басқа да сипаттайтын материалдарды ескере отырып, 284 тұлғаны қамауға алу ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттемемен, кепілмен, үйқамақпен және жеке кепілдікпен ауыстырылды.

«Жұмыстың негізгі бөлігі тәртіпсіздіктер мен лаңкестік актілерге қатысты. Істер бойынша мыңнан астам күдікті анықталды. Әрқайсысынан жауап алу, беттестіру, айғақтарды орнында тексеру және нақтылау және т.б. сияқты тергеу әрекеттерінің кешені жүзеге асырылады», деді Елдос Қилымжанов.