Қазақстан 30 Маусым, 2022

Қазақстан мұнай өндіру көлемін ұлғайтады

465 рет
көрсетілді

Бұл туралы Egemen.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің жинына Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты. Отырыс барысында мамыр айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін тамыз айына тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Қазақстанның тамыз айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,706 млн баррельді құрайды.