2014 жылғы 13 қаңтар Астана қаласы
«Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгiнің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 298 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Денешынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 21) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. «Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгiнің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімде № 8718 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 26 қыркүйекте № 220 (28159) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:
4-тармақтың 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) жаттықтырушы-оқытушы – жоғары кәсiптiк бiлiмi бар және оқыту қызметiмен тiкелей айналысатын жеке тұлға;
6) спорттық резерв – жасөспiрiмдердiң және жастардың жарыстарына қатысатын спортшылар;
7) халықаралық спорттық жарыстар - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрiнен сайыстар;
8) оқушы – БЖСМ-да спортпен шұғылданатын тұлға;
9) спорттық жетiлдiру топтары – оқу-жаттығу топтарында дайындықтан өткен және мынадай атақтар мен разрядтарды орындаған спорт мектептерінің оқушылары қабылданатын спортшылар топтары:
спорттың ойын түрлерiнен, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан – 1-спорттық разряд;
спорттың басқа түрлерiнен – «Қазақстан Республикасының спорт шеберiне үмiткер»;
10) жоғары спорт шеберлiгi топтары – спорттық жетiлдiру топтарында дайындықтан өткен және мынадай спорттық атақтар мен разрядтарды орындаған спорт мектептерінің оқушылары қабылданатын спортшылар топтары:
спорттың ойын түрлерiнен, коньки тебу спортынан, жеңiл атлетикадан
– «Қазақстан Республикасының спорт шеберiне үмiткер»;
спорттың басқа түрлерiнен – «Қазақстан Республикасының спорт шеберi»;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. ЖСШМ негізгі мақсаты спортшылардың жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен жыл бойы оқу-жаттығу, спорттық-әдістемелік қызметін жүзеге асыру болып табылады.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Республикалық ЖСШМ республикалық жарыстардың жүлдегер және жеңімпаз спортшылары қабылданады.
Облыстық және қалалық (аудандық) ЖСШМ республикалық жарыстардың, облыстардың Астана мен Алматы қалаларының спорт түрлері бойынша біріншіліктердің жүлдегер және жеңімпаз спортшылары қабылданады.
10. ЖСШМ контингенті олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен ұлттық, облыстық, Астана мен Алматы қалаларының құрама командаларының мүшелерінен жасақталған оқушылардың тұрақты және ауыспалы құрамынан құрылады.
ЖСШМ контингенті спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi тобына кіретін оқушылардан қалыптасады. Спорттық жетiлдiру және жоғары спорт шеберлiгi топтарына қабылданған оқушылардың жасы белгіленген спорттық нормативтер және осы топтардың талаптары жыл сайын расталған жағдайда шектелмейді.»;
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
«10-1. Облыстық және қалалық (аудандық) ЖСШМ-де спорттық жетілдіру топтары спорттық жетілдіру топтары құрамының жеке тізімі бекітілген жағдайда, денешынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімі бойынша ашылады.
Республикалық ЖСШМ-де спорттық жетілдіру топтары спорттық жетілдіру топтары құрамының жеке тізімі бекітілген жағдайда, уәкілетті органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімі бойынша ашылады.
ЖСШМ-де жоғары спорт шеберлігі тобы жоғары спорт шеберлігі тобы құрамының жеке тізімі бекітілген жағдайда, уәкілетті органның келісімі бойынша ЖСШМ басшысының шешімімен ашылады.»;
11, 12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. ЖСШМ-де спорттық дайындыққа қатысушылар мыналар болып табылады:
1) олимпиадалық, олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлерінен ұлттық, облыстық, Астана мен Алматы қалаларының құрама командаларының тізімдік құрамына енгізілген спортшылар;
2) ЖСШМ аға жаттықтырушысы, білікті жаттықтырушы-оқытушылар, сонымен қатар ЖСШМ спортшыларын дайындауға шақырылған жеке жаттықтырушылар;
3) спортшыларды даярлауға ЖСШМ шақырған дәрігелер, әдіскерлер, массажист, психологтар және басқа да мамандар;
12. ЖСШМ оқушыларының жеке тізімдік және жаттықтырушы-оқытушыларының құрамы, оқушылардың бір жылға арналған жеке дайындық жоспары, бір жылға арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жыл сайын 15 желтоқсанға дейін уәкілетті органға (ЖСШМ республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе денешынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға (ЖСШМ облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) келісуге ұсынылады.
13. ЖСШМ оқушыларының және жаттықтырушыларының дербес тізімін жаттығу және жарыс циклі аяқталған соң ЖСШМ басшыларының ұсынысы негізінде қажет жағдайда, уәкілетті орган (ЖСШМ республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе денешынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға (ЖСШМ облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) қайта қарастырады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. ЖСШМ аға жаттықтырушысы уәкілетті органның (ЖСШМ республикалық мәртебесі бар жағдайда) немесе денешынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға (ЖСШМ облыстық, қалалық (аудандық) мәртебесі бар жағдайда) келісімі бойынша ЖСШМ басшылығымен қызметке тағайындалады және босатылады.».
2. Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментi (С.М. Жарасбаев) заңнамамен белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге ұсынсын;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында, Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгiнiң интернет-ресурсында және «www.adilet.zan.kz» веб-сайтында ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Е.Б. Қанағатовқа жүктелсiн.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк
он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Төраға Т. Есентаев.
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылғы 13 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №9146 болып енгізілді.