Алматы әуежайында қасиетті мекенде парызын өтеуге ниет еткен 400-ге жуық қазақстандықты шығарып салу рәсімі өтті.
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сапарға аттанып бара жатқан қауымға сәт-сапар тілеп, бес парыздың бірі қажылық құлшылығының мән-маңызына тоқталды.
«Пандемия салдарынан екі жыл бойы қажылық есігі жабық болған еді. Енді, міне, Алланың қалауымен, Хақ тағаланың шақыртуымен қасиетті Қағбатуллаға қажылыққа аттанып барасыздар. Алла сапарларыңызды мүбәрак етсін! Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жаман сөз сөйлемей, күнәлі әрі орынсыз ешнәрсе жасамай, Аллаға қажылық жасаған адам анасынан жаңа туғандай (күнәсіз) оралады» деген. Ендеше, осы ұлы сапарда Алла Тағала барша отандасымызға Өзінің жеңілдігін беріп, аман-есен құлшылығын өтеуді нәсіп етсін!», деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Елімізден қажылыққа баруға ниет етіп отырғандар
4 мыңнан асады екен. Оларға 14 компания қызмет көрсетеді.
АЛМАТЫ