• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Шілде, 2022

Семейлік әке балаларына 5 миллион теңге қарыз болған

311 рет
көрсетілді

Семейде 5 жыл бойы балаларына алимент төлемеген әке анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семей қалалық Полиция басқармасының Көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлемей жүрген, өзінің 7 және 9 жастағы кәмелетке толмаған балаларына 5 жыл бойы ақша төлемеген, оларға 5 миллион теңге қарыз болған адамды анықтады. «29 маусымда іздестіру іс-шаралары барысында Көші-қон қызметінің қызметкерлері бір тәулік ішінде іздестіру бастамастан Бородулиха ауданында алимент төлеуден жалтарған 29 жастағы азаматтың тұрған жерін анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады», деді ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Жыл басынан бері полицейлер алимент төлемеген 100-ден астам адамды анықтады.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда ҚР ӘҚБтК 669-бабы бойынша және ҚР ҚК 139-бабы бойынша жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Аяна Тоғанбек