• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Шілде, 2022

Алаяқтық белгілері бар компаниялардың тізімі жарияланды

533 рет
көрсетілді

Жосықсыз қызмет көрсету белгілері бар ұйымдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мұндай ұйымдарда өз бетінше немесе делдалдарды тарта отырып жоғары кіріс төлеуге уәде беріп, олардың атынан басқа адамдар әрекет ететін ақша тарту жөніндегі қызмет белгілері болады», делінген хабарламада.

Тізім жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарай отырып, мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен өзара бірлесіп жасалғаны. Қазіргі уақытта тізімге 154 субъект кіреді.

«Тізімдегі субъектілердің қызметі қаржылық лицензиялау және реттеу аясынан тыс. Тиісінше, клиенттердің оларға көрсетілетін қаржылық қызметтер бойынша құқықтары заңнамалық тұрғыдан қорғалмаған. Осыған байланысты, агенттіктің тізімінде көрсетілген тұлғалармен қаржылық операциялар жасау Қазақстан Республикасының азаматтары үшін салынған қаражаттан айырылудың жоғары тәуекелдеріне алып келуі мүмкін», делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, тізімді жариялау қолданыстағы алаяқтық схемалар мен жалған активтер туралы халықтың хабардар болуын арттырады.