• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Шілде, 2022

Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты

417 рет
көрсетілді

Ақсу электр станциясы қазандық-турбиналық цехының қазандық бөлімшесінде болған қайғыла оқиғадан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«ERG Service» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 маусымда сағат 22.03-те аталған серіктестіктің қызметкері көз жұмған. «Қазандық және шаң дайындау цехтарын жөндеу жөніндегі слесарь механизмнің ішінде жұмыс істеп жатқан. Жазатайым оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды, тергеу басталды.

«ERG Service» ЖШС ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Компания отбасына қажетті көмек көрсетеді», делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 30 маусымда 103 желісі бойынша Ақсу қаласы ЕЭК АҚ станциясы мекенжайы бойынша шақыру түскенін хабарлады.

«Жедел жәрдем тоғыз минутта жетті. Зардап шеккен ер адам - 1985 жылы туған машинист-қараушы көз жұмды», деді басқармадан.