• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Футбол 02 Шілде, 2022

Неймардың ПСЖ-мен келісімшарты 2027 жылға дейін ұзартылды

320 рет
көрсетілді

Бразилиялық шабуылшы Неймар мен ПСЖ арасындағы келісімшарт автоматты түрде ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

L'Equipe басылымының мәліметінше, 1 шілдеде 30 жастағы бразилиялықтың клубпен келісімі 2027 жылға дейін ұзартылды.

Дереккөзде айтылғандай, Неймар өзінің мансабындағы ең жұлдызды маусымдардың бірін өткізетініне сенімді.

Неймар 2017 жылы «Барселонадан» ПСЖ футбол клубына ауысты. Өткен маусымда ол 13 гол соғып, барлық турнирлерде париждіктер үшін 28 матчта сегіз нәтижелі пас берді.