• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Шілде, 2022

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатты

418 рет
көрсетілді

2022 жылғы 1 шілдеден бастап ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы «Даут-ата» - «Тәжен» өткізу пунктінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сондай-ақ «Каракалпакия» – «Бейнеу» бағытында теміржол қатынасы тоқтатыла тұруы мүмкін. Осыған байланысты аталған өткізу пункттері арқылы мемлекеттік шекарадан өтетін азаматтар өз маршруттарын алдын ала жоспарлауын сұраймыз», делінген хабарламада.

Өзбек тарапы өткізу пункттерінің жұмысын қайта бастағаны туралы қосымша ақпарат беріледі.