• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Шілде, 2022

Қазақстан Түркі мемлекеттері Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің кездесуіне қатысты

544 рет
көрсетілді

Анкарада Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысқан Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңес хатшыларының бірінші кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс-шара барысында энергетикалық, көліктік, азық-түлік қауіпсіздігі, терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимыл және өңірлік қауіпсіздіктің басқа да өзекті аспектілері талқыланып, оларды нығайту жөніндегі ықтимал шаралар қаралды.

Өз сөзінде Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан өңірлік қауіпсіздік саласындағы негізгі мәселелерді шешудің ұжымдық тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған көпвекторлы сыртқы саясатты іске асырып жатқанын атап өтті.

Осылайша, біздің еліміз халықаралық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін арттыру бойынша, өнімнің негізгі түрлерін жеткізуде іркілістерге жол бермеу мақсатында халықаралық көлік-логистикалық бағыттарды дамыту бойынша жұмысты жалғастырады.

Жиында Ауғанстанды әлеуметтік-экономикалық қалпына келтіруге және осы елдегі жағдайды тез арада қалыпқа келтіруге ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында делегация басшыларын Түркия президенті Режеп Ердоған қабылдады. Түркия республикасының басшысы құрлықтағы геосаяси тәуекелдердің шиеленісуі жағдайында жаңа интеграциялық тетіктер құрудың маңыздылығын атап өтіп, түркі мемлекеттері Ұйымының барлық қатысушыларымен өзара қарым-қатынастың оң қарқынын атап өтті.

Сондай-ақ іс-шара аясында Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары Ішкі істер министрлігі мен Түркияның ұлттық барлау ұйымының басшылығымен кездесіп, Түрік мемлекеттік аэроғарыш компаниясын аралады.