• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 03 Шілде, 2022

Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалаған блогер қамауға алынды

368 рет
көрсетілді

Журналист-блогер Махамбет Абжан кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат М. Абжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті. 3 шілдеде жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде азамат М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласының уақытша ұстау орталығына қамауға алынды. М. Абжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексерілуде», делінген ведомство хабарламасында.