• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Шілде, 2022

Есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

502 рет
көрсетілді

Бұл туралы ІІМ Есірткіге қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бірінші жартыжылдықта 1 300-ге жуық есірткі қылмысы анықталды. Оның ішінде 800-ге жуық есірткі сату және 227 аса ірі көлемде есірткі сақтау фактілері бар. Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы аумағында каннабис тобына жататын есірткі затын жеткізумен және сатумен, сондай-ақ Павлодар облысында синтетикалық есірткі сатумен айналысқан үш ұйымдасқан қылмыстық топтың іс-әрекетінің жолы кесілді», деді ол.

ІІМ өкілінің мәліметінше, 3,3 тоннадан астам әртүрлі есірткі түрлері, оның ішінде 2 тоннаға жуық марихуана, 366 келі гашиш және 84 келі синтетикалық есірткі тәркіленген.

Нұр-Сұлтан қаласында және Алматы, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай және Қарағанды облыстарында 21 есірткі зертханасы жойылды.

«Жыл басынан бері 1400 интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жіберілді. Интернет ресурс арқылы есірткі сату фактілері бойынша 103 қылмыстық іс тіркелді. Есірткі жарнамалау және насихаттау бойынша 57 қылмыстық іс тергеліп жатыр», деді Бақытжан Әмірханов.