• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Шілде, 2022

Үндістанда көшкіннен қаза тапқандар саны 42-ге жетті

176 рет
көрсетілді

Үндістанның Манипур штатында болған көшкіннен қаза тапқандар саны 42 адамға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz The Tribune басылымына сілтеме жасап.

Нони аймағында теміржол құрылыс алаңындағы көшкіннен қаза тапқандар саны артты. Табиғат апатынан көз жұмғандардың 27-сі әскери қызметкер және 15-і бейбіт тұрғын болған. 

Жексенбі күні үйінді астынан тағы сегіз адамның мәйіті табылды. Сенбіден бері жауған нөсер жауын мен жаңа көшкін іздестіру жұмыстарына кедергі келтіргендіктен 20 адам әлі табылмай жатыр. Аумақтық армияның 13 қызметкері мен бес бейбіт тұрғыны құтқарылды.