Бурабайға барған 19 жастағы астаналық «Туфелька» төбесіне көтеріліп, 20 метрлік биіктен құлап түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Нұр-Сұлтан қаласының 2003 жылғы тұрғыны ел арасында «Туфелька» деген атпен белгілі тауға шығып бара жатып, 20 метр биіктіктен құлап кетті», делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға кеше сағат 16:47-де болған. Мәліметтер бойынша, еңіспен өрмелеп келе жатқан жас жігіт тау етегіне құлаған.
«Оқиға орнына құтқарушылар тобы дереу шықты. Олар зардап шеккен адамды зембілге тиеді. Оны тасымалдауға аяқтың сынуы мен көптеген жарақаттар кедергі болды. Құтқарушылар оны жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Қазіргі уақытта жігіт медициналық тексеруден өтіп жатыр», деп түсіндірді ТЖД өкілдері.
Құтқарушылар тауда қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды.
Аяна Тоғанбек