• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Шілде, 2022

Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қайтыс болды

242 рет
көрсетілді

Атырау облысында орналасқан Теңіз кен орнында жарылыс болды. Оқиға орнында екі адам қаза тауып, үш адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

Теңіз кен орнындағы жарылыс бүгін, 6 шілдеде жергілікті уақытпен сағат 09:55 шамасында болған.

Алдын ала деректерге сәйкес, кен орнындағы атмосфералық газы бар құбырда гидротест жүргізілген. Нәтижесінде, қысымға төтеп бере алмаған құбыр жарылып кеткен.

«Жылыой ауданында орналасқан Теңіз қалашығында құбыр жарылып, соның салдарынан 1985 жылы туған екі қызметкер қайтыс болды. Үш адам жарақаттанды. Зардап шеккен 3 қызметкерге медициналық көмек көрсетіліп жатыр», делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 156-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Кен орнындағы жарылысқа байланысты атмофералық газы бар құбырда гидротест жүргізу жұмыстары толығымен тоқтатылды. Тиісті органдар техникалық қауіпсіздік талабының сақталуына байланысты тексеруді бастады.