• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 07 Шілде, 2022

Антикор Лариса Пактың өліміне қатысты тергеуді бастады

252 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті бұрынғы төрағасының міндетін атқарушы Лариса Пакқа қатысты қылмыстық істі тергеуге қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бұрынғы қызметкерлерінің рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолдану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2017 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі кезеңде тергеу-жедел тобы қылмыстық істі тергеген. Ол кейіннен қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылған.

«2019 жылдың 6 шілдесінде іс бойынша күдікті Л.Пак қайтыс болды. 2020 жылдың 7 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Лариса Пактың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты толық ақталғанын хабарлады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының құқықтық мұрагері ретінде Лариса Юн-Бойевна Пактың туыстарына қайғырып көңіл айтады және келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрайды», деп жазды агенттік.

Тергеу әлі жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.