• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Шілде, 2022

Зерендіде қатты жел 8 тұрғын үйдің шатырын ұшырды

333 рет
көрсетілді

Бүгін Ақмола облысы Зеренді ауданының Ақадыр ауылында қатты жел тұрып, 8 үйдің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Зеренді ауданының Ақадыр ауылында екпіні 23 м/с дейінгі қатты жел салдарынан жалпы ауданы 300 шаршы метр болатын 8 жеке тұрғын үйдің шатырлары ішінара бұзылды», деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.

Ақадыр, Ұялы, Еңбек-Бірлік ауылдарында электр беру желілері үзіліп, 247 абонентті электрмен жабдықтау тоқтатылды. Оқиға орнында «Қуат энергопартнер» ЖШС бригадасы, 1 техника және 5 адам жұмылдырылды. Адамдар аман.

«Қазіргі уақытта елді мекендерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті атқарушы органдардың арнайы комиссиясы желден зардап шеккен жеке тұрғын үйлердің иелеріне келтірілген залалды өтеу бойынша шешім қабылдайды», деп атап өтті облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.

Аяна Тоғанбек