- Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмикалық стансалар желісі 9 шілде күні таңғы сағат 7:53 кезінде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 399 км қашықтықта Қытай аумағында.
Зілзаланың энергетикалық класы - 8.9. МVP магнитудасы - 3.7. Жер сілкінісі ошағының бағыты - 44.33° с.е. 81.62° ш.б. Тереңдігі - 15 шақырым.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыдан 390 шақырым қашықтықта екі мәрте жер сілкінген болатын.