• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Шілде, 2022

Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

349 рет
көрсетілді

Астана сотының санкциясымен наурыз айында қамауға алынған Гүлмира Сатыбалдыны күзетпен ұстау мерзімі тағы ұзартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2022 жылғы 9 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Г. Сатыбалдыға қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты», деп жазды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты

Еске сала кетейік, 18 наурыз күні Гүлмира Сатыбалды екі айға қамауға алынған болатын. Содан соң Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергелді.