Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Братина Кубогы» Жоғары хоккей лигасының чемпионы атағын жеңіп алуына байланысты «Сарыарқа» хоккей клубына құттықтау жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қарағанды клубының басшылығын, жаттықтырушылар штабы мен ойыншыларын зор жетістіктерімен құттықтап, бүкіл турнир бойындағы олардың жеңіске деген ұмтылысын және отандық спортты дамытуға қосқан үлестерін атап өтті.
Қазақстан Президенті клуб ұжымына зор денсаулық, жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тіледі.