• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Шілде, 2022

Шымкенттегі сауда орталығында кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды

184 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қаладағы сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

3 шілде күні жедел басқару орталығының «102» арнасына қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз электр тоғына түсіп, жан тапсырғаны туралы хабарлама түскен.

Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс істейтіні анықталды.

Оқиға Қаратау ауданы Полиция басқармасы СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.