• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Экология 11 Шілде, 2022

«Іле-Балқаш» резерватында бұқар бұғылары көбейіп келеді

477 рет
көрсетілді

Мемлекеттік табиғи резерваттқа тағы да бұқар бұғылары жіберілді. Қарашеңгел аңшылық шаруашылығынан «Іле-Балқаш» резерватының аумағына 61 бұғы әкелінді. Қазір аталған жануардың жалпы саны-150 басқа жетіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жануарлардың қозғалу аумағын бақылау мақсатында, олардың жіберілген жеріне 6 фототұзақ орнатылды. Сондай-ақ үш бұғыға GPS сезбек орнатылған қарғыбау тағылды. Аталған құрылғының жануарларға еш зияны жоқ.Естеріңізге сала кетейік, бұл бұқар бұғыларының «Іле-Балқаш» резерваты аумағына төртінші рет жіберілуі – 2019 жылы 5 бұғы, 2020 жылы 15 және былтырғы жылы 61 бас орналастырылған болатын.Бұқар бұғысы ҚР Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген.Айта кетейік, бұқар бұғыларының Балқаш ауданына оралуы, жолбарысты Қазақстанға жерсіндіру бағдарламасы аясында іске асырылып отыр. Оны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Дүниежізілік жабайы табиғат қорымен (WWF) бірлесіп, БҰҰДБ қолдауымен іске асырады.