• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 12 Шілде, 2022

Ресейде маймыл шешегі анықталды

150 рет
көрсетілді

Ресейде маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Роспотребнадзорға сілтеме жасап.

Роспотребнадзор мәліметіне сәйкес, аталған індет Еуропа сапарынан келген жас жігіттен анықталған. Ол медициналық мекемеге өзі жүгінген.

«Науқастан алынған талдамалар шұғыл түрде Роспотребнадзордың тиісті сараптама жүргізуге уәкілетті мекемесіне жіберілді. Биоматериалдарды зерттеу нәтижесі бойынша маймыл шешегі инфекциясы расталды. Науқас оқшауланған және инфекциялық профильді медицина ұйымында жатыр. Ауру жеңіл түрде өтіп жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», делінген хабарламада.

Науқаспен байланыста болған  адамдар анықталды.