ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Израильдің туризм министрі Йоэль Развозовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет басшысы Израиль мемлекеті – еліміздің Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі және қазіргі жағдайда екі ел өзара сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру үшін көп күш салуы тиіс екенін атап өтті.
Кездесу барысында қос тарап сауда-экономикалық, аграрлық саладағы өзара іс-қимылды және туристік әлеуетті дамытуды талқылады.