• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Білім 13 Шілде, 2022

Талапкерлер ЖОО-ға құжаттарын онлайн тапсыра алады

296 рет
көрсетілді

Бүгінде бұл ең сенімді тәсілдерінің біріне айналып отыр. Өткен жылы да шалғай ауылдардың мыңдаған түлектері құжаттарын осылай тапсырған, деп хабарлайды Egemen.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Биыл да жоғары оқу орындары виртуалды кеңселерін қайта ашты, қабылдау комиссиялары алғашқы жұмыс күндерінен бастап өтініштерді онлайн қабылдауға әзір. Мұнда университет қызметкерлері қажетті кеңес пен нұсқаулық беріп, бейне байланыс арқылы құжаттарды қабылдайды.

«Қызмет көрсетудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында сондай-ақ ауа райының аптап ыстығы жағдайында қызметкерлердің штаты кеңейтілді. Қызмет көрсетуге студенттер қатарынан еріктілер тобы тартылуда.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылмақ. Сондықтан Egov электронды үкімет порталындағы уақытша олқылықтар талапкерлердің қызмет көрсету сапасына және құжаттар тапсыруына еш кері әсерін тигізбейді», делінген ведомство ақпаратында.

Университеттер мен виртуалды қабылдау комиссиялары үшін барлық қажетті байланыс ақпараттары Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында орналасқан.