• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 13 Шілде, 2022

Көкшетау полицейлері 50 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталды

167 рет
көрсетілді

Көкшетау полицейлері қылмыстық істі жабуға уәде бергені үшін 50 мың доллар алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Көкшетау қаласы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты басқа органның іс жүргізуінде жатқан қылмыстық істі тоқтатқаны үшін кәсіпкерден 50 мың АҚШ доллары сомасында ақша қаражатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Осы жылдың 8 шілдесінде жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде Көкшетау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары ұсталды», делінген хабарламада.

9 шілдеде Көкшетау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.