Жаңадан тағайындалған Ақан Жұмағұлов бұған дейін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарған, деп хабарлайды Egemen.kz.
ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов ұжымға жаңа төрағаны таныстырды.
Сонымен қатар, Жоғарғы сот алқасының төрағасы аудандық соттардың төрағалары мен қалалық сот судьяларын таныстырды.
Есіл аудандық сотының төрағасы болып Алмас Сәлімов, Есіл аудандық №2 сотының төрағасы болып Дәуренбек Даумов тағайындалды.
Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы лауазымына Айбек Әмірғалиев, Гүлнар Дәулетова, Анар Кәрімова тағайындалды.